Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өскеменде абақтыдан қашуға әрекеттенген қытайлық ұсталды

AstanaTV
16.10.2014ж. 10:00
1509
Өскеменде абақтыдан қашуға әрекеттенген қытайлық ұсталды

Қазақстан түрмесінен қашқысы келген қытайлықтың жоспары орындалмады. Шығыс Қазақстан облысында заңсыз шекара кескені үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған шетелдік Өскеменнен 150 шақырым алшақ орналасқан Шуақ ауылындағы нөмірі 17-ші колониядан қашпақ болған.

Қашқын тыйым салынған аймақтан қоршауға қадам қалған жерінен құрықталды. Бойы бір жарым метр сотталушының 3 қабаттық биіктікке тең қоршаудан қалайша секіріп өтпек болғаны белгісіз. Қытай азаматының қашу жоспарын тергеушілер анықтайды. Оның сыбайластары болған-болмағанын, тіпті ол қашқысы келді ме, әлде жай ғана қоршау сыртынан заңсыз келетін «сәлемдемеге» беттеді ме деген күдік бар. Ал әзірге, колония әкімшілігі тілмаш келгенше, ұсталған қашқынның бетіне қарап отыруға мәжбүрлі. Себебі, ол не қазақша, не орысша бір ауыз сөз білмейтін көрінеді.

Рашид Мұхаметқалиев, ШҚО ҚАЖК Департаменті басшысының орынбасары:

Біздің қызметкерлер оқиғаның алдын алды. Қосымша тергеу амалдары жүргізіледі, оның нәтижелері жөнінде біз сіздерге қосымша хабарлаймыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ