$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ақтөбеде 5 жасар Темірлан Сәндібаевты іздеу жұмыстары жалғасуда

AstanaTV
16.10.2014ж. 13:00
1700
Ақтөбеде 5 жасар Темірлан Сәндібаевты іздеу жұмыстары жалғасуда

Ақтөбеде 5 жасар Темірлан Сәндібаевты іздеу жұмыстары жалғасуда. Полицейлер кәмелетке толмаған азаматты ұрлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жоғалған баланы шаһардан іздеуге шамамен 3 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Бүгінге дейін 50-ге жуық саяжай мен өзен аңғарлары қаралды.

Еске салайық, 10 қазанда таңғы 10 шамасында анасы баласын шарбақ сыртына ойнауға шығарған. Жақындарының айтуынша, араға 15 минут салып, бала көзден ғайып болады. Полицейлерден бөлек еріктілер мен әскерилер де жоғалған Темірланды табуға жұмылдырылды. Сонымен қатар, 2 квадроцикл мен тікұшақ әуеден барлап жүр. Әзірге нәтиже болмай отыр.

Полицейлер түрлі ақпараттың түсіп жатқандығын айтады. Осыдан бірнеше күн бұрын теміржол вокзалы маңында байқады деген алып қашпа ақпарат болғанымен, ол да расталмаған. Ақтөбе көшелерінде орналасқан 100-ге жуық бейнекамералар да жалғыз жүрген балалардың әрбірін нысанаға алған.

Қаныбек Жақсығалиев, Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары:

Бұл жұмыс әлде де жүргізіледі деп сендіремін. Өйткені бұл - біздің бірден-бір міндетіміз, жоғалған баланы табу мақсатында.

Мансұр ЕСҚОЖИН