Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Өскеменде балауыздан құйылған фигуралардың көрмесі ашылды

AstanaTV
16.10.2014ж. 13:00
1056
Өскеменде балауыздан құйылған фигуралардың көрмесі ашылды

Өскеменде балауыздан құйылған фигуралардың көрмесі ашылды. Келушілер енді Джульетта Мазинамен, Марчелло Мастрояннимен және Романов патшаның отбасы мүшелерімен «таныса» алады. Сонымен қатар, тарихи тұлғаларды да «кездестіреді». Олардың ішінде - Сталин, Рузвельт және Черчилль секілді мемлекет қайраткерлері де бар.

Балауыздан құйылған мүсіндер белгілі тұлғалардан айнымай қалған. Әрбір фигураның мінсіз шығуы үшін 15 шебер жұмыс істейді екен. Әлемге танымал мадам Тюссо мұражайы бұл іспен 200 жылға жуық айналысса, Санкт-Петербор ұжымының кәсіпті меңгергеніне 20 жыл ғана. Ұйымдастырушылар бізге өзіндік құпияны да ашты. Айтуларынша, мүсіндердің көз және тіс протездері шынайы, оны арнайы мамандар әзірлейді екен. Мұражайға келушілер балауыз фигураларды көріп таңдай қақты. Әсіресе, Романов патшаның үй-ішіне арналған мүсіндер кәдімгі тірі адамдардай. Қазір орнынан тұрып, жүріп кететіндей әсер қалдыруда.

Раиса Путилина, балауыз фигуралары көрмесінің ұйымдастырушысы:

Балауыз фигураларына қатысты түрлі фильмдер бекерге түсірілмейтін шығар. Мысалы, триллер жанры. Кейде адамдар мұнда бір күш бар сияқты деген үрейлерін айтып жатады. Әрине, адамның өз қорқыныштары бар. Мүмкін, бұл адам екінші өлшемдегі өмірде тірлік ететін шығар. Сондықтан, келушілердің әсері әртүрлі.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ