Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Петропавлдық белсенді жастар қарттар айлығына орай, қариялар мен мүгедектерге көмек көрсетуде

AstanaTV
17.10.2014ж. 13:00
1693
Петропавлдық белсенді жастар қарттар айлығына орай, қариялар мен мүгедектерге көмек көрсетуде

Қызылжарда қарттар айлығына орай, белсенді жастар бірінші топтағы мүгедек Алексей Руденконың үйін жөндеп берді.

Түсқағаз бен төбе пенопласттарын сатып алуға қайырымды кәсіпкер көмек көрсеткен. Ал, бір топ студент алдымен қарияның баспанасын тұянақтай етіп жинап, артынша кішігірім жөндеу жұмыстарын жасаған. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, балалар үйдің шаруасын бір-ақ күнде бітірді. Үй иесі Алексей Руденконың қуанышында шек болмады. Қария үш бөлмелі бұл баспанада 4 жылдан бері жалғыз тұрып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жан, тазалықты сақтауға қауқарсыз. Осыған дейін жөндеу жұмыстарын жасауды армандап жүргенін айтады.

Айта кету керек, студенттер қарттар айлығы аясында 10 зейнеткерге қол ұшын созған.

Алексей Руденко, зейнеткер:

Мұндайды түсімде де елестете алмадым. Жастарға шексіз ризамын. Табан астынан келіп, үйімді бастан-аяқ жөндеп, менен бір тиын де алған жоқ. Оларға денсаулық берсін.

Рүстем Есенбергенов, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы СҚО бойынша атқарушы хатшысы:

Осындай істер арқылы біз барлық емес, шамамыз келгенше мүгедек адамдарға көмектесіп, еліміздің даңқын көтеріп, ауызбіршілік жасап отырмыз. Менің ойым бойынша, осындай акциялар тек қана бір айда ғана емес, жыл сайын өту керек. Осы сәтті пайдаланып, бүкіл жастарды осындай жұмыс атқаруға шақырамын.

Абзал ҚҰРМАНКИН

Алдыңғы жаңалық