$485.11 €523.82 ₽5.02
×

БҰҰ Бас ассамблеясы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес жаңа 5 мүшесі сайланды

AstanaTV
17.10.2014ж. 13:00
2034
БҰҰ Бас ассамблеясы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес жаңа 5 мүшесі сайланды

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес 5 жаңа мүшесін таңдады. Ол - Ангола, Малайзия, Венесуела, Жаңа Зеландия мен Испания. Бұл туралы AFP агенттігі хабарлайды.

Тұрақты емес мүшені таңдау аймақтық принцип бойынша іске асады. Ангола мен Венесуела және Малайзия өз аймақтарында жалғыз үміткер ел болса, басқаларда бәсекелестік болды.

Бірінші кезеңде Қауіпсіздік кеңесіне 145 дауыспен Жаңа Зеландия өткен. Екінші кезең қорытындысы бойынша 132 дауыс жинаған Испания 60 дауыс жинаған Түркияны басып озды. Қауіпсіздік кеңесі вето құқығы бар 5 тұрақты мүшеден тұрады. Ол - АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания мен Франция. Қалған он шақтысы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен сайланып тұрады. Тұрақты емес мүшелердің құзірет мерзімі 2 жыл. Жыл сайын бесеуі таңдалып отырады. Жыл соңында Руанда, Аргентина, Оңтүстік Корея, Австралия мен Люксембургтің құзіреті аяқталады. 2015 жылдың соңына дейін Қауіпсіздік Кеңесі құрамына Литва, Нигерия Чили мен Иордания енеді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА