$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Темірлан Сәндібаевтың ата-анасы баласын қайтарған азаматқа кез-келген көлемде сыйақы беретіндігін мәлімдеді

AstanaTV
17.10.2014ж. 20:00
1003
Темірлан Сәндібаевтың ата-анасы баласын қайтарған азаматқа кез-келген көлемде сыйақы беретіндігін мәлімдеді

Ақтөбеден жедел ақпарат. Темірлан Сәндібаевтың ата-анасы баласын қайтарған азаматқа кез-келген көлемде сыйақы беретіндігін мәлімдеді. Балақайдың туыстары экранда көрсетілген номерлерге хабарласуды өтінеді. Бүлдіршінді тек аман-есен жеткізуді өтініп отыр. Қазір кез-келген ақпарат маңызды.

Олардың ойынша, Темірлан Сәндібаевты көлік қағып кетуі мүмкін немесе ұрлап әкеткен азамат қалай қайтаруды білмей отыруы ықтимал. Ата-ана баланы аман-есен қайтарса, аты-жөні айтылмай, жауапқа тартпауға ықпал жасаймыз дейді.

Еске салайық, бес жасар Темірлан Сәндібаев  10 қазанда өз үйінің маңынан жоғалып кетті. Полицейлермен қатар сарбаздар және еріктілер қаланың айналасын тінтіп, жоғалған бүлдіршінді іздеп жатыр. 7 күн өтсе де, балғыннан әлі ешқандай хабар жоқ.

Аймереке Бартаева, Т. Сәндібаевтың апасы:

Бауырымды аман-есен әкеп берген адамның аты-жөні құпия сақталады. Және оған қосымша сыйақысы бар. Сізден аналық жүрегіммен сұраймын - бауырларымызды тауып беруіңізге көмектесуіңізді.

Мансұр ЕСҚОЖИН