$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Жапонияда екі бірдей министр отставкаға кетті

AstanaTV
20.10.2014ж. 20:00
1120
Жапонияда екі бірдей министр отставкаға кетті

Жапонияда  екі бірдей министр отставкаға кетті. Олар «бармақ басты, көз қысты» әрекеттері үшін жауап беруде. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Юко Обути өзіне сеніп тапсырылған мемлекет қаржысын талан-таражға салған. Мәселен, министрді қолдайтын екі қор түрлі қойылымдар ұйымдастыруға қыруар ақша жұмсаған. Бұл сайлаушыларды сатып алу деп бағаланды. Сондай-ақ, экономика министрінің жақтастары мен сайлаушылары Обутидің туыстарына тиесілі дүкендерден 35 миллион долларға түрлі тауарлар алған. Осылайша қызметін асыра пайдаланған Юко Обути заңға қайшы әрекеттер жасады.

Қызметінен босаған екінші шенеунік - әділет министрі Мидори Мацусима. Ол сайлау алды компаниясы кезінде жақтастары мен сайлаушыларына өзінің бейнесі бар желдеткіштерді сыйлық ретінде таратқан. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА