Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

АҚШ президенті Барак Обама саясат сахнасындағы позициясын жоғалта бастады

AstanaTV
20.10.2014ж. 20:00
1574
АҚШ президенті Барак Обама саясат сахнасындағы позициясын жоғалта бастады

АҚШ президенті Барак Обама саясат сахнасындағы позициясын жоғалта бастады. Америка халқы оның сөзіне құлақ асар емес. Тұрғындар тіпті Обаманың ауыз ашуына  мүмкіндік бермей отыр. Мэриленд штатындағы оқиға осыған дәлел.

Демократиялық партия атынан губернаторлыққа сайланып жатқан Энтони Браунды қолдауға келгендер президентті күлкі етіп, баяндамасын тыңдамай қойды. Жиналған қауым тіпті орындарынан тұрып, тарай бастаған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Обама бірнеше рет сөзін жалғастыруға оқталды. «Сіздер дауыс беруге тиіссіздер. Ешқандай сылтау болмасын. Болашақ бізге байланысты», - деді Обама. Алайда қайталама сөзден жалыққан штат тұрғындарының бір бөлігі жиынды тастап кете барса, енді бір бөлігі оны қисынсыз сұрақтардың астына алды.

Сөйтіп Құрама Штаттары басшысының рейтингі бірден төмендеді. Дегенмен Обама Иллинойс штатының губернаторы Пэт Куинниді қолдау үшін Чикагоға аттанбақ.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА