$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Голландия чемпионатының көш басшысы «ПСВ Эйндховен» кезекті жеңісін тойлады

AstanaTV
20.10.2014ж. 20:00
1101
Голландия чемпионатының көш басшысы «ПСВ Эйндховен» кезекті жеңісін тойлады

«ПСВ Эйндховен» футбол командасы алдына жан салар емес. Голландия чемпионатының көш басшысы кезекті жеңісін тойлады. 9-турда «Алкмар» клубын қабылдаған Филипп Кокудың шәкірттері 3-0 есебімен басым түсті. Бұл ойындағы алғашқы голды алаң иелері бірінші таймның басында соқты. Голдың авторы - Лусиано Насринх. Бұл голдан кейін шабыттанған «ПСВ» футболшылары араға 9 минут салып, есепті еселеді. Шеберлігімен көзге түскен Адам Махер мүлт кетпеді. Екі голмен шектеліп қалмаған алаң иелері үзілістен кейін есепті ұлғайтты. Бұл жолыда мергендігімен танылған сол тағы Махер дубльдің авторы атанды. Бұл жетістігінен кейін «ПСВ Эйндховен» командасы 21 ұпай жинап, турнир кестесіндегі басымдығын нығайтты. 



Австрия астанасы Вена қаласында теннистен халықаралық турнир аяқталды. Іріктеу жарысынан сүрінбей өткен Ұлыбритания спортшысы Энди Маррей турнир жеңімпазы атанды. Ақтық сында ағылшын теннисшісі Испания спортшысы Давид Ферердің алдын орап кетті. Дегенмен, кездесу Маррей үшін сәтсіз басталды. Бірінші сетте бірқалыпты өнер көрсеткен Ферер 7-5 есебімен алға шықты. Бірақ үзілістен кейін тез жиналған ұлыбританиялық табандылықтың арқасында таразы басын теңестірді. Шешуші сетте де алған бетінен қайтпаған Маррей ұпай санын түгендеді. Өз кезегінде жиі қателесіп, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмаған Давид Ферер  жеңілісін мойындады.  

Самат ҚАНАҒАТОВ