$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ауа райының қолайсыздығы павлодарлық шаруаларға кесірін тигізуде

AstanaTV
20.10.2014ж. 20:00
1938
Ауа райының қолайсыздығы павлодарлық шаруаларға кесірін тигізуде

Ауа райының қолайсыздығы павлодарлық шаруаларға кесірін тигізуде. Бүгінде алқаптардағы астықтың 90 пайызы ғана орылды. Айта кету керек, билік өкілдері жиын-терімді қазанның 1-іне дейін аяқтауды жоспарлаған. Алайда табиғаттың тосын мінезі оған кедергі келтіріп отыр.

Өткен сенбіде бірнеше ауданға қар түсті. Лебяжі, Ертіс, Успенка және Железин аймақтарында орақ науқаны тоқтап қалған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, жұмыстар күн жылына салысымен қайта жанданады, деп отыр. Дегенмен бұл өнімді шығынсыз жинауға кері әсерін тигізуі ықтимал. Ауа райының қолайсыздығынан өнім де азайған. 

Темірбай Қуанов, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Биылғы жылы жиын-терім көлемі екі есеге төмендеп кетті. Болжам бойынша, жаңа науқанда гектарынан 5,8 центнер өнім аламыз деп отырмыз. Көрсеткіш өзгере қоймас, өйткені қалған 6 пайыз алқап бірер күнде жиналады. Өнімділік ауа райына тікелей байланысты. Мәселен, су қажет кезде өңірде жауын-шашын аз болды.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ