Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанайда пара алды деп айыпталған шенеуніктерге қатысты сот отырысы басталды

AstanaTV
14.01.2016ж. 20:00
1373
Қостанайда пара алды деп айыпталған шенеуніктерге қатысты сот отырысы басталды

Қостанайда пара алды деп айтыпталған экс-шенеуніктер мен серіктестік директорына қатысты сот отырысы басталды. Қала әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аракелян 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен өткен жылы қамауға алынған.

Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласының тағы бір шенеунігі Жеңіс Шинкинге 6 бап бойынша айып тағылған. Оған «СМУ-2010» серіктестігінің директорымен сыбайласып, қазынаның 20 миллион теңгеге жуық қаржысын талан-таражға салды деген күдік келтірілді. Ол мұнан да басқа бірнеше эпизод бойынша айыпталды. 

Таңат Тасов, Қостанай облыстық прокуратурасының прокуроры:

Келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді орындаудың орнына, Шинкин мен Бобровный сыбайластық жасап қазына қаражатын заңсыз жолмен иемденуді көздеген. Сөйтіп «Елді мекендерді көгалдандыру» бағдарламасы бойынша бөлінген ақшаны талан-таражға салған. Шинкин көше бойындағы жарық бағандарын сапалы бояумен емес, тым арзан бояулармен әрлеу керек деп, серіктестік директорына нұсқау берген.

Заңғар САНАЙ