Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Таразда есірткі тасымалдаған полицейлер сотталды

AstanaTV
21.10.2014ж. 13:00
1208
Таразда есірткі тасымалдаған полицейлер сотталды

Таразда, «есірткі тасымалдады» деп айыпталған үш бірдей бұрыңғы полицейге сот үкімі шықты.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының дерегінше, облыстық ІІД-нің қызметкерлері биыл қаңтар айында Ресейге 10 келі есірткі алып бара жатқан кезде сол елдің полицейлеріне ұсталған.

Құрықталған тараздық тәртіп сақшылары: «тергеу амалдары барысында тәркіленген есірткіні айғақ ретінде алып барамыз» деп ақталады. «Алайда анықталғандай, олар есірткі толы дорбаны 30 мың долларға сатпақ болған», деді сот төрағасы. Сонымен қатар, ұсталған полиция капитаны Бахманов пен старшина Тойбаев және Алиев төртінші бір адамды қылмысқа итермелеген. Есірткіні шекара асырған соң оны сатып, «мол мөлшердегі ақша аласың» деген уәдеге сеніп, келісімін берген. Бірақ, тәртіп сақшылары келіскен қарапайым қала тұрғынының Облыстық Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің штаттан тыс қызметкері екенін білмеген.

Нұрмұхаммат Әбідов, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

Бахманов 10 жылға бас бостандығынан айырылады. Өйткені, ол белсенді жетекшілік етіп, қылмысты ұйымдастырған. Ол өзінің жазасын жалпы тәртіптегі түзеу коллониясында өтейтін болады. Әрі капитан шенінен айрылды. Жазасын өтеп шыққан соң бір жарым жыл ішкі істер орындарында жұмыс істей алмайды. Азамат Тойбаевтан да полиция старшинасы деген шені алынып, жазасын 9 жыл бойы жалпы режимдегі түзеу коллониясында өткізеді. Ал, Алиев тек көлік жүргізуші болғандықтан 1 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ