$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Абылай Мырзахметов: Теңгенің құлдырауы әлі де жалғасады

AstanaTV
14.01.2016ж. 20:00
1778
Абылай Мырзахметов: Теңгенің құлдырауы әлі де жалғасады

Ұлттық валютаның құлдырауы әлі де шекті межесіне жеткен жоқ. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осындай пікірін білдірді. 

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП  басқарма төрағасы:

Біздің экономикамыз Ресей экономикасымен салыстырғанда импортқа көбірек тәуелді. Ресей банктеріндегі қор рубльмен сақтаулы. Әлбетте, бұл валюта айналымы жағдайын айтарлықтай жеңілдетеді. Өкінішке орай, біз әлі ең қиын кезеңге жеткен жоқпыз. Депозит иелері мұны әлі сезбеді. Десе де, менің ойымша, жағдай екі-үш ай көлемінде реттеледі. Ең ауыр кезеңді бастан өткерген соң, жағдай бірте-бірте оңалуы тиіс.

Абылай Мырзахметовтің айтуынша, экспорттық кедендік баж салығы да әлемдік мұнай бағасына тәуелді бола түскен. Үкіметтің осы мәселеге қатысты нақты қаулысы алдағы аптада қабылдануы тиіс,- дейді төраға.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП  басқарма төрағасы:

Үкімет отырысы 19 қаңтарда өтеді. Күн тәртібіне шығарылатын сұрақтарды Қазенержди өкілдері, мұнай өндіруші компаниялар мен мұнайлы аймақтардың әкімдері желтоқсан айында талқылаған. Бұл өте маңызды мәселе.

Сондай-ақ, бүгін «Атамекен»  ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Алматыда Кәсіпкерлер палатасының  Өңірлік кеңесін өткізді. Палатаның ресми сайтында жарияланған ақпарға сай, жиында отандық кәсіпкерлер жекешелендіруге қатысты өз позицияларын аңғартқан. Атап айтсақ, Тимур Құлыбаев мемлекеттік объектілерді жекенің қолына беруде бірқатар қиындықтардың болатынын ашық айтқан. Сондай-ақ басты қиындық ретінде нарықта теңгенің жетіспеушілігін атады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА