$485.11 €523.82 ₽5.02
×

The Financial Times Total компаниясына басшылық етуге үмітті төрт адамның есімін атады

AstanaTV
22.10.2014ж. 13:00
1411
The Financial Times Total компаниясына басшылық етуге үмітті төрт адамның есімін атады

Ив-Луи Даррикарер француздың Total компаниясының бас директорының міндетін уақытша атқармақ. Бұл туралы The Financial Times басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді.

Даррикарер бүгінде Total-дың энергетика және газ саласын басқарады. Сондай-ақ, ол ресейлік «Новатэк»-тің директорлар кеңесіне мүше. Мақалада компанияға басшылық етуге үмітті төрт адамның есімі жазылған. Олар - Филипп Буассо, Патрик Пуянне, Арно Брильяк және Патрик де ля Шевардье. Үміткерлердің барлығы компанияның лауазымды қызметтерін атқаруда.

Еске салайық, Total компаниясының бұрынғы басшысы Кристоф де Маржери қазанның 21-іне қараған түні Мәскеудің «Внуково» әуежайында болған ұшақ апатында қаза тапты. Мәскеу-Париж бағытында ұшуға бет алған төрт орындық Falcon-300 ұшағы қар тазартқыш техникаға соқтығысып, жарылып кетті. Апат салдарынан Total мұнай компаниясының президенті мен экипаждың үш мүшесі қаза тапты.

Жұрағат БАМАН