Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Президент Халықаралық көрме бюросының бас хатшысымен кездесті

AstanaTV
21.10.2014ж. 20:00
942
Президент Халықаралық көрме бюросының бас хатшысымен кездесті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті. Тараптар халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық жайын талқылады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманға: «Сіздің бұл сапарыңыз Қазақстанның маңызды шараны өткізуге лайықты дайындалуына мүмкіндік береді», - деді.

Өз кезегінде Висенте Лоссерталес көрме жобасын жүзеге асыру процесінің табысты жүріп жатқанын алға тартты. Жұмыстардың үнемі Президенттің қолдауымен жүріп жатқанына да тоқталды. «Мен құрылыстың осындай қарқынмен жүргізілгенін көрген емеспін. «ЕХРО-2017» көрмесі табысты өтетініне сенімдімін», - деді Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы. Айта кетейік, сәрсенбіде  «ЕХРО-2017» көрмесіне қатысатын халықаралық компания өкілдерінің алғашқы жиыны өтпек. Оған әртүрлі елден 140-қа жуық өкіл қатысады.

Висенте Лоссерталес, халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы:

Қазақстан Президентімен кездесу - үлкен мәртебе. Бүгін «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесінің жобасын талқыладық. Жоба ойдағыдай жүзеге асып жатыр. Мұның барлығы мемлекеттің қолдау көрсетіп жатқанының арқасы. Құрылыс жедел қарқынмен, тіпті кестеден оза жүргізілуде. Мен 25 жылдық жұмыс барысында нысандар құрылысының осынша тез жүргізілгенін ешқашан көрмегенімді айтқым келеді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА