$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Құрылысқа рұқсат алу мерзімі 6 есеге дейін қысқарды

AstanaTV
14.01.2016ж. 20:00
1804
Құрылысқа рұқсат алу мерзімі 6 есеге дейін қысқарды

Алдағы уақытта жаңа тұрғызылған үйлерде ішкі әрлеу жұмыстары аяқталмаса да, ол үйге «толық дайын» деген анықтама беріледі. Бұған дейін бастан аяқ сыланып-сырланбаған баспана үшін, мұндай мөр қойылмайтын. Соның салдарынан құрылысшылар мен тұрғындар біраз әуре сарсаңға түсетін еді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Құрылыс салуды ұйымдастыру мен құрылысқа рұқсат берудің бірыңғай талаптарын» жариялады. Жаңа құжатта бірқатар өзгерістер бар. Мысалы, құрылыс жүргізуге рұқсат алу мерзімі 91 жұмыс күнінен 15 күнге, яғни 6 есеге жуық қысқарды. Эскиздік жобалау мерзімі 30 күннен 10 жұмыс күніне қысқарған. Сондай-ақ, биылдан бастап құрылыста технологиялық сараптама жасау жұмыстарының біраз бөлігі жекеменшік ұйымдарға берілетіні белгілі болды.

Юлия Якупбаева, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

2016 жылы 50 пайыз. Әрі қарай 2020 жылға дейін нысандардың 90 пайызы жекеменшік сараптамаға өтеді. Қалған 10 пайызы, атап айтсақ, технологиялық тым күрделі нысандар мемлекеттік сараптаманың қадағалауында қалады.

Ал, палатаның Құрылыс комитеті төрағасы Александр Белович Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ техникалық талаптарды қабылдауға қарсы екендіктерін айтты. Күні кеше отандық құрылысшылар жиналып, құзырлы органға өтініш жолдаған. «Әрбір мемлекеттің құрылысқа қатысты дербес техникалық талаптары болғаны дұрыс», - дейді ол. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ