Жамбыл
облысында сұмдық оқиға болды. «Тараз-Ақкөл-Саудакент» тас жолы бойынан жаңа
туған шарананың мәйіті табылды. Талас ауданында тұратын 10-шы сынып оқушысы жаңа
туған сәбиді жол бойына тастап кеткен деген күдікке ілініп отыр. Жүкті болған
қыз Тараз қаласына анасымен бірге бара жатып, көлік ішінде босанған сыңайлы.
Артынша оның 50 жастағы анасы нәрестені көліктің терезесінен лақтырады.
Салдарынан баланың бас-сүйегі сынып, бірден бақилық болған.
Оқиға 13 қаңтар
күні таңғы сағат бестерде орын алды. Қансыраған қыз ауруханаға жеткізілгенде,
ақ халаттылар кәмелетке толмаған оқушының босанғанын біледі. Бірден полицияға
хабар беріліп, жедел жеткен тәртіп сақшылары мәйітті табады. Қазір 16 жастағы
бойжеткен ауруханада жатыр. Ал, оның анасы Қаратау қаласындағы уақытша қамау
абақтысында отыр.
Гүлчехра
Зияутдинова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз
қызметінің жетекші маманы:
Қазір оқиға бойынша ҚК 99 бабы 2 бөлімі 14
тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап 15-20 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Немесе өмір бойына сотталып, мүлкі
тәркіленеді. Олар көршісінің көлігін жалдаған. Тергеу барысында жүргізуші
жолаушының жүкті екенін білмегенін айтты. Қылмысқа қатысы барлар жазасыз қалмайды.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ