Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Венесуэла билігі мұнай бағасы барреліне 60 доллар болады деп болжауда

AstanaTV
22.10.2014ж. 10:00
1187
Венесуэла билігі мұнай бағасы барреліне 60 доллар болады деп болжауда

Венесуэла мұнай бағасының одан бетер құлдырауына қамдануда. Елдің келер жылдық бюджетін жоспарлауда мұнай бағасы барреліне 60 доллардан есептелген.

Аталмыш жобамен Парламенттің қаржы және экономика министрі Родольфо Марко Торрес таныстырды. Жалпы, биылғы бюджеттің айналымына 741,7 млрд боливар қарастырылған. Бұл, шамамен 117 млрд доллар. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 35% артық.

Айта өтейік, өткен аптаның қорытындысы бойынша Венесуэла мұнайының орташа бағасы барреліне 77,65 долларды құрады. Сарапшылар, мұнай бағасының құлдырауы қатарынан алтыншы апта байқалып отыр, деп дабыл қағуда. Осының салдарынан елде инфляция байқала бастады. Билік, мұнай баррелі 60 долларға төмендейді деп, бюджетті сол межеге жоспарлап жатыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА

Алдыңғы жаңалық