Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Батыс Қазақстанда күн күрт суытады

AstanaTV
22.10.2014ж. 10:00
837
Батыс Қазақстанда күн күрт суытады

Бүгін ТЖ қызметі батыс қазақстандықтарға шұғыл ескерту таратып жатыр. Өңірде күн күрт суытып, көктайғақ болады. Сондықтан, автокөлікпен жолға шыққан кезде аса сақ болуды ескертуде. Өңірде ауа температурасы 5-7 градусқа дейін төмендейді. Әрі жауын-шашынды болмақ. Облыстың көптеген жерлерінде жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласуы ықтимал. Тұман түсіп, жел күшейеді.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары осыған дейін ыстық ауа райы сақталып келген Оңтүстік Қазақстанда да күн суытып, жел күшейетінін хабарлаған.

Илхам ИБРАГИМ