Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ Академиялық драма театры жаңа маусым шымылдығын ашты

AstanaTV
22.10.2014ж. 13:00
2956
Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ Академиялық драма театры жаңа маусым шымылдығын ашты

Мұхтар Әуезов атындағы Академиялық драма театры кезекті театр маусымын ашты. Биыл маусым шымылдығы драматург Дулат Исабековтің «Жүз жылдық махаббат» драмасымен түрілді. Режиссер Алма Кәкішеваның қоюымен екі бөлімнен тұратын шығармаға көрерменнің ықыласы да ерекше болды. Спектакль Алаш ардақтысы, сұлулық пен махаббаттың жалынды жыршысы - Мағжан Жұмабаевқа арналады.

Сценарий желісінде ақынның өмірі мен басынан кешкендері жары - Зылиханың аузымен баяндалады. Басты рөлдерді жас актер, Серпер сыйлығының иегері - Алмас Шаяметов пен актриса Дария Жүсіп ойнап шықты. Театрдың 89-шы маусымының қарсаңында театр ұжымы бірнеше шетелдік гастролдер мен фестивальдерге қатысып қайтқан. Биыл қазақ өнерінің қара шаңырағында желтоқсан айына дейін тағы бір жаңа қойылымның тұсауы кесіледі. Режиссер Әубәкір Рахымовтың «Испандық ақсүйек» спектаклі көрерменге жол тартпақ.

Дулат Исабеков, драматург-жазушы:

Мен көремендерді құттықтаймын. Жаңа маусым менің спектакліммен ашылды. Қуаныштымын. Бұл негізі жазда премьерасы болуы керек еді. Бірақ режиссерлік сәтсіздіктерге орай күзге жетіп отыр. Сондықтан, бұл елдің көңілінен шықты ғой деген ойдамын.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ