Оралда балалар мен жасөспірімдер
кітапханасы оқырмандар арасында білгірлер турнирін өткізді. «Мәңгілік елдің алтын күні астында» деп аталған шара,
тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған.
Шараға қатысқан оқушылар туған өлкенің
тарихы мен мәдениетінен қаншалықты хабардар екенін сарапқа салды. Оларға
Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемі, ел тарихына қатысты мерекелер,
Қазақстанның мәдениетіне қатысты сауалдар қойылды.
Сонымен қатар, «Отанымның жүрегі - тәуелсіздік тірегі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар еліміз егемендік алған 23 жыл ішінде біраз
белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгенін әңгімеледі.
Сондықтан, тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін ұғынуымыз қажет. Шараға
қатысушылардың ортақ пікірі осыған ойысты.
Гүлназ Хамзина, Х.Есенжанов атындағы БҚО балалар және
жасөспірімдер кітапханасының жетекші маманы:
Мәңгілік елдің ұрпағы бұл тәуелсіздік мерекесінің тарихи күн екенін, бұл
мерекенің әрбір жасөспірімнің жадында қалуға тиісті мереке екенін, ол мерекенің
мәртебесі басқа мерекелерге қарағанда тұғыры биік екенін, мәртебесі биік екенін
білуі тиісті деп ойлаймын. Тәуелсіздік алып
берген, соған себеп болған батыр ағаларының ерліктерін біз паш етсек, олар
өздерінің көкейлеріне түйді деп есептейміз.
Еркін ҚАРИН