Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада ҚХА кафедраларының қауымдастығы құрылмақ

AstanaTV
23.10.2014ж. 10:00
1451
Астанада ҚХА кафедраларының қауымдастығы құрылмақ

Астанада Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедраларының Ассоцияциясын құру туралы конференция өтті. Оған еліміздегі бірнеше жоғары оқу орындарынан өкілдер қатысты.

Бүгінде 9 жоғары оқу орнында Қазақстан Халқы Ассамблеясының кафедралары жұмыс істейді. Олар студенттер арасында толеранттылық пен бірлікті насихаттаумен айналысады. Сондай-ақ, қауымдастық ел ішіндегі түрлі жағдайларға қатысты кеңестер мен нұсқау беретін орган болмақ. Конференция барысында Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедралары Ассоцияциясының ережесі қабылданды.

Дихан Қамзабекұлы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры:

Ол бағыт әрине, Ассамблеяның негізгі бағытынан туындап отырады. Яғни, Қазақстандағы қазіргі ахуалдарға Ассамблеяның берген бағасы немесе зиялылардың берген бағасы. Сонымен бірге, сол қиындықтан шығуға деген зиялылардың, әр түрлі этнос өкілдерінің немесе этностық ұйымдардың пікірлерін ескере отырып, жаңа бір ұсыныстарды жариялау, ұсыну.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ