$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Мәскеуде «Внуково»-дағы апаттан кейін әуежай қызметкерлері жұмыстан қуылды

AstanaTV
23.10.2014ж. 10:00
1165
Мәскеуде «Внуково»-дағы апаттан кейін әуежай қызметкерлері жұмыстан қуылды

Ресейдегі ұшақ апатынан кейін «Внуково» әуежайының төрт қызметкері күдікті ретінде қамауға алынды. Ұсталғандар арасында ұшып-қону алаңындағы қар тазалау қызметінің жетекшісі мен диспетчерлер бар. Тергеушілердің сөзінше, дәл осы азаматтардың қауіпсіздік шараларын толық сақтамауы салдарынан апат болған. Қазір қара жәшіктегі жазбаларды зерттеу жүріп жатыр. Содан кейін ғана нақты кімнің кінәлі екені белгілі болмақ.

Еске салайық, 21 қазан күні француздың Total мұнай компаниясының басшысы Кристоф де Маржери отырған жеке ұшақ ұшу кезінде қар тазалау көлігімен соқтығысып жарылып кетті.

Илхам ИБРАГИМ