$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Канадада Парламент ғимараты алдында атыс жасаған адам өлтірілді

AstanaTV
23.10.2014ж. 10:00
1293
Канадада Парламент ғимараты алдында атыс жасаған адам өлтірілді

Канада полицейлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Билік кеше кешкісін Оттавада болған атыстан кейін осындай нұсқау берген. Ал Парламент алдында атыс жасаған қылмыскердің аты-жөні белгілі болды. Ол 1982 жылы туған Майкл Зехаф-Бибо есімді Канада азаматы. Әзірге оның мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз. Дегенмен, оның басқа да сыбайластары болуы мүмкін деген ақпарат та бар.

Еске салайық, Канада астанасында белгісіз адам атыс жасап, Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан канадалықтардың құрметіне орнатылған әскери мемориалды күзеткен сарбазды өлтірді. Кәугерлер, қылмыскер кемінде 30 рет оқ атып, елдің зәре-құтын қашырғанын айтып отыр. Ізінше 50 метр қашықтықтағы парламент ғимаратына бет алған. Бұдан соң премьер-министр мен парламент қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Бүлік шығарған оны полицейлер қоршап алып, сол жерде атып тастады.

Илхам ИБРАГИМ