Ресей рублінің құлдырауы салдарынан
Лондондағы жылжымайтын мүлікке сұраныс артып кетті.
The Telegraph басылымының хабарлауынша,
қалталы ресейліктер британ астанасындағы элиталы үйлерді жаппай сатып алуда. Олар
баспана үшін 20 миллион футқа дейін қаражат жұмсауға әзір. Лондонның қақ
ортасынан пәтер алу үшін кейбіреулері, тіпті 100 миллион жұмсауға да бар. «Бұған дейін Ресей азаматтары баспанаға аса қызықпайтын.
Енді коммерциялық тұрғыдан мұндай қадамға баруға мәжбүр»,
дейді жергілікті агенттік өкілі.
«Газета.RU» порталы келтірген
мәліметтерге сай, Ресей думасының экс-депутаты Геннадий Гудков Лондонда құны
2,5 миллион фунт тұратын үй сатып алған. Парламентарийдің сөзіне қарағанда, ол
баспананы қоныстану үшін емес, капиталын сақтап қалу үшін иеленген.
Еске салсақ, 16 желтоқсанда рубль
бұрын-соңды болмаған көрсеткішке дейін құлдыраған еді.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА