Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Обама Канада үкіметін терроризмге қарсы бірлесе жұмыс істеуге шақырды

AstanaTV
23.10.2014ж. 13:00
985
Обама Канада үкіметін терроризмге қарсы бірлесе жұмыс істеуге шақырды

Полиция канадалық мергеннің есімін анықтады. Ол - Квебек тұрғыны Мишель Зихаф Бибо болып шықты. Әзірге оның құрмет қарауылына не себепті оқ атқаны белгісіз. АҚШ президенті Барак Обама Канада премьер-министрі Стивен Харпермен телефон арқылы хабарласу кезінде, Оттавадағы оқыс оқиғаны қайғылы жайт деп бағалады. Канада да, АҚШ та терроризмге қарсы бірлесе күресу керек, деді ол.

Айта өтейік, бүгін Вашингтонда да бәзбіреу Ақ үйге кіруге оқталыпты. Алайда оны дер кезінде анықтап, залалсыздандырған. Ал, Канадада атыс болған ауданнан тұрғындар мен туристтер қауіпсіз жерге эвакуацияланып жатыр. Күні кеше Канада билігі елдегі лаңкестік әрекет деңгейін орташадан асты деп мәлімдеген болатын. Екінші күні тапа-тал түсте Оттавада шамамен 30 рет қару дыбысы естіліп, құрмет қарауылының бір әскериі мерт болды.

Стивен Харпер, Канада премьер-министрі:

Әлемнің басқа елдерінде орын алып жатқан лаңкестік әрекеттер Канадаға да жетті. Қауіпсіздік қызметінің мамандарына, мемлекеттік мекемелерге оқ ашқандары біздің елімізге қарсы шығумен тең. Бізді қорқытудың қажеті жоқ.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА