$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елбасы Дүниежүзілік банк тобының басқарушы директорын қабылдады

AstanaTV
23.10.2014ж. 20:00
1032
Елбасы Дүниежүзілік банк тобының басқарушы директорын қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік банк тобының басқарушы директоры және операциялық мәселелер жөніндегі директоры Шри Мульяни Индраватиді қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, кездесуде ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік банк Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Ал Индравати ханым өз кезегінде Қазақстанның өңірлік және жаһандық ықпалдастық саласындағы ілгерілеуіне айрықша тоқталды.

Айта өтейік, Қазақстан Дүниежүзілік банк тобына 1992 жылы қосылды. Банк сол уақыттан бері 41 жобаны жүзеге асыру үшін, елімізге жалпы мөлшері 6,8 миллиард доллар ұсынған.

Шри Мульяни Индравати, дүниежүзілік  банк тобының басқарушы директоры:

Қазақстан Республикасына алғаш рет сапарлап келдім. Қазақстан дүниежүзілік банктің маңызды серіктесі болып табылады. Екі тарап арасындағы ынтымақтастық өте табысты жүзеге асырылуда. Ол экономиканы әртараптандыруға, орнықты даму бөлігіндегі ілгерілеуді күшейтуге бағытталған. Серіктестік туралы негіздемелік жаңа келісімге қол қою және осы келісім аясында түрлі халықаралық ұйымдардың жұмысын үйлестіру біз үшін өте маңызды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА