Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Арқалық әкімі блогына екі оқушының кішкене баланы зорлағаны жайлы ақпар түскен

AstanaTV
23.10.2014ж. 20:00
1307
Арқалық әкімі блогына екі оқушының кішкене баланы зорлағаны жайлы ақпар түскен

"Қостанай облысында үшінші сынып оқушысы зорланған". Полицейлер осы мағынада түскен шағым негізінде қылмыстық іс қозғады. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі аймақтағы тілшілерімізге мұны телефон арқылы растады.

Ол ақпарға сай: 10 қазан күні  зардап шеккен баланың анасы ішкі істер бөліміне арызданған. Полицейлер заттай айғақтарды жинап, қатысушылар мен куәгерлерден жауап алып, сараптама тағайындады. Нәтижесінде балада зақымдану белгілері табылмаған. Бұдан кейін баланың анасы арызын қайтып алады. Бірақ бұл жағдайдың рас-өтірігін түбегейлі анықтау үшін Арқалық қалалық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Еске салайық, үшінші сынып оқушысына сегізінші сыныпта оқитын екі жасөспірім зорлық жасағаны жайлы қала тұрғындары әкімнің  жеке блогына жазба қалдырған. Алайда шағымданушылардың аты-жөні көрсетілмеген.

Заңғар САНАЙ