$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Маңғыстау облысында қосалқы бөлшектерге бөлінген ұшақты жүк көліктерімен тасыды

AstanaTV
24.10.2014ж. 10:00
1280
Маңғыстау облысында қосалқы бөлшектерге бөлінген ұшақты жүк көліктерімен тасыды

Ерекше жүк. Маңғыстау облысында қосалқы бөлшектерге бөлінген ұшақты жүк көліктерімен тасыды. Әуе кемесінің қанаты, артқы бөлігі, алып дөңгелектері мен корпусы тиелген керуен Бейнеу ауылынан облыс орталығына қарай жүріп өтті. Суретте ұшақтың азаматтық, не әскери авиацияға тиесілі екендігі белгісіз. Алайда Ақтау әуежайы ерекше жүк біздікі емес, деп отыр.

Өңірде ұшақтың қосалқы бөлшектерін шығаратын да, құрастыратын да зауыт жоқ. Мәселенің мән-жайын білуге Азаматтық авиация комитеті, Қорғаныс министрлігі және Шекара қызметіне хабарласқан журналисттерге ақыры жауап берілмеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ