Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбедегі саяжайлар маңындағы өзеннен қалқып шыққан мәйіт, Темірлан Сәндібаев болып шықты

AstanaTV
24.10.2014ж. 13:00
992
Ақтөбедегі саяжайлар маңындағы өзеннен қалқып шыққан мәйіт, Темірлан Сәндібаев болып шықты

Ақтөбедегі саяжайлар маңындағы Қарғалы өзенінен қалқып шыққан мәйіт, Темірлан Сәндібаев болып шықты. Бұл туралы бүгін Ішкі істер департаменті ақпарат құралдарына ресми растады.

Олардың дерегінше, мәйітханаға жеткізілген Темірланды әкесі таныған. Алғаш боп құқық қорғаушыларға 45 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол өзеннің тайыз жеріне қалқып шыққан денені саңырауқұлақ теруге барған кезде байқағанын айтыпты. Бұл маңды бұған дейін еріктілер мен әскерилер бірнеше рет қарап шыққан болатын. Бірақ, бүлдіршіннің денесі 13 тәулік өткен соң ғана табылып отыр. Тәртіп сақшылары сәбидің денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ, дейді. Дегенмен, әзірге полицейлер оқиғаның нақты қалай болғанын дөп басып айта алмай отыр.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Аталған факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде баланың неден өлгенін және уақытын анықтайтын болады.

Мансұр ЕСҚОЖИН

Алдыңғы жаңалық