Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Кеден одағына мүше елдер жақын арада бірыңғай банк аударымы жүйесіне көшуі мүмкін

AstanaTV
24.10.2014ж. 13:00
952
Кеден одағына мүше елдер жақын арада бірыңғай банк аударымы жүйесіне көшуі мүмкін

Кеден одағына мүше елдер жақын арада бірыңғай банк аударымы жүйесіне көшуі мүмкін. Жаңа жүйе ақпарат тарату және төлем жасауда SWIFT халықаралық жүйесіне балама ретінде құрылмақ. Бұл туралы кеше Беларусь Ұлттық банкі хабарлады.

Алайда кеден одағы үштігіне төлем мәліметтерінің сақтығын қамтамасыз ететін қызметтесу арнасы қажет. Бұл бағытта қазір банк карталары жүйесін біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірақ, аталмыш интеграция Visa мен MasterCard халықаралық жүйелердің қызметін шектемейді.

Айта кетейік, соңғы кездері БАҚ беттерінде SWIFT санкцияларға байланысты Ресейді өз қызметтерінен шектеуі мүмкін деген ақпарат кеңінен тараған-ды. Алайда банк саласының мамандары, бұл қадам төлем жүйесінің өзіне де экономикалық тұрғыдан тиімсіз, деп есептейді.

Бұған дейін, Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко Ресей ақпарат құралдарына берген сұхбатында ұлттық төлем жүйелерінің де біріккенін қолдайтынын мәлімдеген.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ