$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қорғалжын қорығы аумағында шаян артемияның уылдырығын аулаушылар қаптады

AstanaTV
24.10.2014ж. 20:00
1837
Қорғалжын қорығы аумағында шаян артемияның уылдырығын аулаушылар қаптады

Қорғалжын қорығы аумағында құнды шаян артемияның уылдырығын заңсыз аулаушылар қаптап барады. Күз келісімен Теңіз көлінің жағасын жайлайтын браконьерлердің қарасы көбейеді. Жергілікті халық циста теру науқанын «құрт жинау» деп атайды. Табиғи қорықтың аумағында кез-келген биоресурсты пайдалануға заңмен тыйым салынған. Бірақ көптеген азаматтар бұл кәсіпті оңай олжа санап, қолы қалт еткенде Қорғалжынға тартады. Теңіз жағасына қонған халық, құстың қорегіне көрші Қытай көз тіккен деседі. Алайда, көлдің жағалауында бүгіліп циста терген қытайлықты көрмейсің.

Мен ол жаққа 2-3 рет барғанмын. Жұмыстан бос кезде, отпуск кезінде. Қытайға өткізеді дейді, бірақ өз басым ол жерден қытайдың, басқа ұлт өкілдерінің жинап жүргенін көргем жоқ. Бәрі қазақтар.

Қоқиқаздың қорегі Қытайға неге керек? Айла тапқыштардың оңай олжасының  табиғатқа тигізер зардабы қандай болмақ? Құрт үшін қызған күрес алаңынан тілшіміз Азамат Алдоңғаровтың репортажын ертең, 20:30-да, «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ