Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымдар екінші деңгейлі банктерге 9% пайда әкелуде

AstanaTV
24.10.2014ж. 20:00
869
ЭКСКЛЮЗИВ: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымдар екінші деңгейлі банктерге 9% пайда әкелуде

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымдар екінші деңгейлі банктердегі депозиттерге 9% пайда әкелуде. Бұл туралы арнамызға Ұлттық банк сарапшылары айтты. Зейнетақы қорындағы қаржы депозиттерге 10 жыл мерзімге салынған. Банктерді іріктеуде басты назар оның жеке капиталының орташадан жоғары болуына аударылды. Екінші деңгейлі банктерге зейнетақы қорындағы ақшаның 15 пайызы ғана салынған. Жылдық пайдасы өз шығынын жаба алмайтын банктер тізімнен сызылып тасталды.

Рамиль Гафуров, ҚР Ұлттық банкінің сарапшы бас маманы:

Сапалы қаржы салаларына инвестиция салуда аздаған болса да, қатердің болуы - жағымды фактілердің бірі. Ал зейнетақы активтеріне біз өте қатаң қараймыз, инвестициялауда консервативті ұстанымдамыз. Зейнетақы активтерін кепілдікте сақтау үшін, инвестиция ретінде бір емес, бірнеше қаржы институттарына бөлеміз.

Б.ХАСЕНОВ