Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алдағы демалыс күндері бүкіл ел аумағында қар жауады

AstanaTV
24.10.2014ж. 20:00
1125
Алдағы демалыс күндері бүкіл ел аумағында қар жауады

Қазақстанға нағыз қыс таяп қалды. Бүгін еліміздің көптеген аймақтарында қар жауып, тұман түсті. Бұл Қазақстан аймағы арқылы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты. «Жауын-шашынды күндер келесі аптаның аяғына дейін сақталады», - дейді «Қазгидромет» мамандары.

Ләззат Керімова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженері:

Тек Батыс Қазақстан облыстарында ауа райы ашық болады. Бірақ ауаның температурасы түнде 18 градус аяз болса, күндіз -10 градус болады. Ал Солтүстік өңірлерде алдымыздағы аптада қар жауады, кей жерлерде жел күшейеді, көктайғақ болады. Ауаның түнде температурасы 20 градус аязға дейін болса, күндізгі температурасы 10 градус аяз болады. Ал Қазақстанның орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынды болады.

Ал қарашаның басында Қазақстан аймақтарында күн жылынады. Алғашқы онкүндік жауын-шашынды болғанымен, ауа температурасы аздап жоғарылайды деп болжануда. Нағыз қыс қарашаның үшінші онкүндігінде басталады. 27 қарашада Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Алдыңғы жаңалық