Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Петропавлда орманшылардың форумы өтті

AstanaTV
24.10.2014ж. 20:00
1052
 Петропавлда орманшылардың форумы өтті

Ал осы теріскейде орманшылардың форумы өтті. Мақсат - табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, орман шаруашылығындағы жаңа технологиялармен танысу. Алғаш өтіп отырған шараға ел аумағынан бөлек, Ресейден де орманшылар келді. Жиналғандар Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар кәсіпорындарын аралап, тың технологиялармен танысты. Өзара тәжірибе алмасып, жасыл желекті пайдаланып қана қоймай, оны өсіру жолдарын талқылады.

Теріскейдің бұл бағыттағы жетістіктері баршылық. Кәсіпкерлер заманауи қондырғылардың қыр-сырын меңгерген. Жыл сайын жаңа ағаш отырғызу жолға қойылған. Мәселен, ағаштан түрлі бұйым жасайтын Ахмутдинов жеке кәсіпкерлігінің әрбір ауданда жеке орман тәлімбақтары бар.

Сермұхамет Оралұлы, кәсіпорын жетекшісі:

Бір гектар ексек, 2 гектар отырғызып жатырмыз. Неге деңіз? Ертең ұрпаққа қалатындай жағдай болсын деп. Оның бәрі, мен айта аламын, біздің орман пайдаланушылар 100 пайыз атқарып жатыр. Ол бір міндеттемелердің ішіне кіретін жағдай. Қалдықтар қалмасын, 100 пайыз пайдалану болсын деп.

Абзал ҚҰРМАНКИН