Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мәжілістің мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу туралы үндеуі қолдау табуда

AstanaTV
15.01.2016ж. 20:00
1634
Мәжілістің мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу туралы үндеуі қолдау табуда

Мәжілістің мерзімінен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы үндеуі жер-жерлерде қолдау тауып жатыр. "Бұл қадам ең әуелі халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға септігін тигізеді", - дейді облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары. Олар, халықтың үмітін ақтау үшін, білікті кадрлардан жасақталған жаңа құрам керек деген пікірлерді де бір ауыздан дұрыс бастама, деп отыр.

Дариға Дайырова, Семей қалалық мәслихатының депутаты:

Ендігі жерде мәжіліске жаңа, қолынан іс келетін, жылдам шешім қабылдайтын азаматтар келсе екен деймін.

Сағыныш Төрәлиев, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты:

Әрине, бұрынғы мәжілісмендер өздерінің үлкен миссиясын орындады. Көптеген заңдарды қабылдап, енді осы жоспарын әрі қарай орындауға біз қазір Парламентті уақытында сайлап, сол жұмыстарды жалғастыруымыз керек.

Бәтима Әбдірахманова, Қостанай қалалық мәслихатының депутаты:

Үш партия басын қосып, бірігіп Елбасыға ақылмен барып жатыр. Мен өзім қалалық мәслихат депутаты ретінде қолдаймын. Дұрыс деп ойлаймын. Осындай қиын экономикалық кезеңде білікті, білімді адам барады оларға. 

Есберген Іңірбаев, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы кеңесшісі: 

Біздің алдағы дамуымызға серпін беретін, алдағы жұмыстарымыздың бастауы болып тұрғаны сөзсіз. Демек, бізді биылғы жылдан бастап, жаңа заңдармен, жаңаша бір серпінмен, жаңа бір леппен жұмыс жасайтын кезең келді. Сондықтан Парламенттің бұл шешімін шынымен де құптауға болады. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА