Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

АҚШ-тың үш штатында карантин шаралары қолға алында

AstanaTV
27.10.2014ж. 13:00
900
АҚШ-тың үш штатында карантин шаралары қолға алында

Америкалық Иллинойс, Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттары Эбола індетіне байланысты арнайы шаралар енгізуде. Қатаң тәртіптің алғашқы құрбаны болған - Сьерра-Леонеден оралған медбике Каци Хикокс. Жұма күні Нью-Джерсиге келген бетте оны арнайы қорғаныс костюмдерін киген шенеуніктер бірнеше сағат тергеуге алды.

Кейін белгілі болғандай, медбикеге дене қызуы көтерілген деген қате диагноз қойылған. Оған қоса, Хикоксты оқшаулау палатасына ауыстырған. Бұл шаралар Нью-Джерси мен Нью-Йоркте енгізілген карантиннен кейін қолға алынған.

Ереже бойынша, Либерия, Сьерра-Леоне және Гвинеядағы Эбола науқастарымен қарым-қатынаста болған кез келген адам 21 күн уақытша оқшаулануы керек. Дегенмен, Нью-Йорк басшылығы, медбике Каци Хикоксқа қатысты қолданылған дөрекілікті сынға алды.

Билл де Блазио, Нью-Йорк мэрі:

Медбике Каци Хикоксты тыңдаған кез келген адам, оның басына түскен жағдайдың орынсыз екенін түсінеді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ