Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда әкімдік қызметкерлерінің салғырттығынан қала маңындағы 4 бірдей елді мекен халқының газсыз отырғанына қалалық әкімдік қызметкерлері кінәлі

AstanaTV
27.10.2014ж. 13:00
870
Атырауда әкімдік қызметкерлерінің салғырттығынан қала маңындағы 4 бірдей елді мекен халқының газсыз отырғанына қалалық әкімдік қызметкерлері кінәлі

Атырау қаласы маңындағы 4 бірдей елді мекеннің газсыз отырғанына қалалық әкімдік қызметкерлерінің өздері кінәлі болып шықты. Қалалық құрылыс бөлімі дайын тұрған газ желісін қабылдау ісін созып жіберген. Нәтижесінде құбырлар қараусыз қалып, тұрғындар жылудан қағылыпты. Бұл туралы арнамызға қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді.

Естеріңізде болса, жаңалықтарымызда аймақтағы тілшіміз, 150-ге жуық үй шоғырланған Ақжар-2 ауылы тұрғындарының шағымы туралы баяндаған. 4 жылдан бері көгілдір отынды күтіп, шыдамы таусылған бұқара, 8-қазанда әкімдікке баса-көктеп кірді. Олар уәде еткен жылуды қосуды талап етті. Тұрғындардың шағымы негізді болып шықты. Материал өткен соң, прокуратура тексеріс жүргізген. Нәтижесінде құрылыс бөлімі 4 мөлтек ауданға жүргізілген дайын газ желісін мамандар балансқа алмай отырғанын анықтаған.

Владимир Малахов, Атырау қалалық прокурорының орынбасары:

Газ желісі құбырларының құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған. Яғни, 9 айдан астам уақыт бойы қалалық құрылыс бөлімі газ желісін қабылдамаған. Нәтижесінде осы уақыттан бері желі иесіз, қараусыз қалды. Аталған дерек бойынша біз Атырау қаласы әкіміне жедел шешім қабылдау туралы ұсыныс бердік.

Базаркүл ІЗІМОВА