Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Ислам мемлекеті» ғаламторға кезекті бейне ақпаратты жариялады

AstanaTV
28.10.2014ж. 10:00
1455
«Ислам мемлекеті» ғаламторға кезекті бейне ақпаратты жариялады

«Ислам мемлекеті» интернетте кезекті видео-ақпаратты жариялады. Ол - тұтқындағы британдық журналист Джон Кентлидің репортажы. Кентли, курдтердің қаласы Кобани толығымен ИГИЛ сордырларының басқаруында, дейді. Бұған дейін курд әскерилері сирия-түркия шегарасындағы қоршауда қалған қаланы өз қолдарына алатыны туралы ақпарат тараған. Видеода АҚШ пен оның серіктестері жеткізіп жатқан қару-жарақ ИГИЛ-діктердің қолына тиіп жатқаны айтылады. Видеоға қарағанда, қалада тоқтаусыз әскери қақтығыс жүріп жатқан жоқ.

Ал АҚШ өз кезегінде Кобани аумағындағы содырларды бомбалап жатқанын айтуда. Оған қоса Таяу Шығыста «Ислам мемлекетіне» қарсы коалиция құруды жалғастырмақ. Ал курд әскерилері Ирак пен Сирия аумағында ИГИЛ-мен соғысып жатыр.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА