$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қазақстан еңбек нарығындағы мигранттардың саны соңғы жылдары еселеп өскен

AstanaTV
28.10.2014ж. 20:00
1419
Қазақстан еңбек нарығындағы мигранттардың саны соңғы жылдары еселеп өскен

Қазақстан еңбек нарығында мигранттар үлесі соңғы жылдары еселеніп өскен. Мұндай ақпаратты бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов келтірді.  Оның сөзінше, Кеден одағына мүше елдер - Ресей мен Беларусьтан ағылған еңбек күшінің саны соңғы 4 жылда 6-10 есеге өсті. 2010 жылы елімізде еңбек етуші белорустар саны 50, ал ресейліктер 1 мың ғана болса, қазір Беларусь азаматтарының саны - 500, ресейлік еңбеккерлер саны 7 мың. Оған орталық Азиядан келген 50 мың еңбек қолын қосыңыз.

Қазақстандық еңбек нарығында мигранттардың көбеюі отандық сарапшылардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Алайда жауапты ведомствоның өкілі алаңдауға негіз жоқ, еңбек нарығы қауіпсіздікте дейді.

Дәулет Арғандықов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Екі шектеу бар. Біріншіден, Қазақстан экономиканың стратегиялық маңызды салаларында еңбек етуші мигранттардың санын реттей алады, екіншіден, дағдарыс кезіндегі шектеулерде қазақстандықтарға басымдық беріледі. Еңбек нарығы ашық-шашық деуге болмайды.

Ал Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау журналистер қауымы арқылы қазақстандықтарды отандық автоөндірісті қолдауға үндеді. Сөзінше, елімізде көлік құрастырудың 10 есеге артуы да өз азаматтарымызға жасалған мүмкіндік. «Үлгіні менен алыңыздар», - деді Рау мырза.

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Я приехал на Шкоде Супер-Б, производство Азия-Авто. Нормальная машина. Я обращался за моральной поддержкой, вы как можете, пресса, поддержать, я к вам сегодня действительно обратился.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ