Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

ТҮҚЖБ салымдары бойынша өтемақы шілде айынан бастап төленеді

AstanaTV
15.01.2016ж. 20:00
966
ТҮҚЖБ салымдары бойынша өтемақы шілде айынан бастап төленеді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салымы бар азаматтарға курс айырмашылығы бойынша өтемақы шілде айынан бастап төленеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Төлемдер осы жылғы шілдеде және 2017 жылдың қазан айында екі траншпен жасалмақ. Теңгенің арзандауына байланысты, АҚШ валютасына шаққанда, едәуір кеміп қалған салымдар құнының 35 пайыздан астамы мемлекет қазынасынан өтелетін болды. "Қазір тиісті келіссөздер жүріп жатыр", - деді министр.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

20 тамызға дейін тіркелген салымдар 171 миллиард теңгені құрады. Өтемақы көлемі 60 миллиард 900 миллион теңге. Оның 24 миллиард теңгесі жинақ банкінің 2016-2017 жылдардағы өз табысынан өтеледі. Қалған 36 миллиард 900 миллионы үкімет қорынан бөлінеді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА