$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Нұрсұлтан Назарбаев Дубайда «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапатталды

AstanaTV
29.10.2014ж. 10:00
1385
Нұрсұлтан Назарбаев Дубайда «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапатталды

Қазақстан мұсылман ел ретінде ислам әлемінің өркендеуін қашан да қолдайды.

Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына барған сапарында Қазақстан президенті осыны мәлімдеді. Кеше форум шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екі жақты кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Дубайда Қазақстан басшысы «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапатталды. 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумға әлемнің жүз елінен екі мыңнан астам делегаттар қатысуда.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан ислам әлемінің дамуы мен күшеюінің жақтасы болып қала береді. Біздің тәуелсіздігімізге 22 жыл ғана толғанын білесіздер. Кеңес одағы ыдырағаннан соң әлем картасында Қазақстан деген жаңа мемлекет пайда болды. Тұрғындарының 70 пайызы мұсылман болып табылатын ең солтүстік ел. Осы аралықта біз көп еңбек еттік, экономикамызды 16 есеге арттырдық. Табысты жан басына 500 доллардан 13500-ге дейін жеткіздік. Жетістіктерімізді мақтан етеміз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ