Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

АҚШ-та Cygnus ғарыш кемесін артқан Antares зымыран тасығышы әуеге көтерілместен жарылды

AstanaTV
29.10.2014ж. 10:00
1323
АҚШ-та Cygnus ғарыш кемесін артқан Antares зымыран тасығышы әуеге көтерілместен жарылды

Кеше АҚШ-та Cygnus ғарыш кемесін артқан Antares зымыран тасығышы әуеге көтерілместен жарылды. Атлантика мұхитындағы Американың Уоллопс ғарыш айлағындағы фальтстарт ұшудың 6-шы секундында орын алды. Апат кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Cygnus бортында Халықаралық ғарыш станциясына арналған 2,3 тонна жүк болған. Ғарыш кемесі американдық ғарышкерлерге су, оттегін, құрылғылар мен отын жеткізуі тиіс болатын. Зымыранның жарылуы Халықаралық ғарыш станциясының америкалық сегментіне жүк жеткізудің тәртібін бұзды. Апат Украинада шығарылатын бірінші сатыда іске қосылған қозғалтқыштың жұмысы кезінде болды.

«Интерфакс»-тың мәліметінше, онда НК-33 кеңестік зымыран қозғалтқышының жетілдірілген түрі пайдаланылады. АҚШ ғарыш ведомствосы апатқа қатысты арнайы комиссия құрылатыны жайында мәлімдеді. Оған NASA өкілдері, және зымыранды құрастырған Orbital Sciences компаниясының мамандары кіреді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ