«Байқоңыр»-дан зымыранның жаңа түрі
ұшырылғалы жатыр. «Союз-2.1а» осы типтегі алдыңғы ракеталарға қарағанда, жүк
көтеру мүмкіндігі әлдеқайда артық және басқару жүйесі цифрлы технологияның
озық түрімен жабдықталған. Зымыранды ұшыру
бүгін Астана уақыты бойынша 10:09-ға жоспарланып отыр.
«Прогресс» ғарыш кемесімен Халықаралық
ғарыш станциясына екі жарым тонна жүк жеткізетін зымыранның бөлшектенетін
алғашқы екі бөлігі Қазақстан аумағына құлайды. Біріншісі - Қарағанды, екінші
бөлігі - Шығыс Қазақстан облысы аумағына түседі.
«Союз-2.1а» алдыңғы зымырандарға
қарағанда, жүкті 300 килограммға артық тасымалдай алады. Сондықтан, орбиталық станция
қызметіне қажетті заттар мен техниканы, материалдарды көбірек жөнелтуге
мүмкіндік бар деседі ғарыш бағдарламасына қатысушы тараптар. Келешекте «Союз-2.1а» зымыран тасығыштары
көмегімен пилотты Союз кемелерін де аттандыру мәселесі қарастырылып жатса
керек.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ