$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның ісі тергеуге қайта жіберілді

AstanaTV
29.10.2014ж. 20:00
1253
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның ісі тергеуге қайта жіберілді

Ал жемқорлықпен күресуші бас органның жетекшісі Қайрат Қожамжаров Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынға қатысты қозғалған ісі туралы жаңа дерекпен бөлісті. Іс қосымша тергеуге жіберіліпті. Айтуынша, бұрынғы әкімге тағылған айып та азайған.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы:

На сегодняшний день из ранее предъявленных 10 эпизодов остались только два. Сейчас дело находится на рассмотрении в суде Павлодара.

Еске салайық, бұған дейін аты шулы тергеу 3 шілдеде аяқталғаны хабарланған. Ерлан Арын әкімдіктегі лауазымды тұлғалармен бірігіп, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және Павлодарды аббатандыруға демеушілер бөлген аса ірі көлемдегі қаржыны жымқырды деп айыпталған-ды. Экс-әкім биыл наурызда тұтқындалды. Ал 2013 жылы желтоқсанда ол өз өтінішімен қызметінен босатылған еді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ