$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Алматыда құрылыс заттары қоймасы өртеніп жатыр

AstanaTV
03.11.2014ж. 10:00
1285
Алматыда құрылыс заттары қоймасы өртеніп жатыр

Дәл қазір Алматыда құрылыс заттары сақталған қойма өртеніп жатыр. Қойма Алматы-Талғар тас жолының бойында орналасқан. Қара түтін бірнеше шақырым қашықтықтан да көрінеді. Тілсіз жау контейнер мен қоймаларды, әкімшілік ғимаратты да шарпыған. Оқиға орнында жұмыс жасап жатқан жедел қызмет өкілдерінің айтуынша, қойма маңындағы үйлерге де от тиген.

Алдын ала ақпарат бойынша, өртенген аумақтың көлемі шамамен 20-30 шаршы метрді алып кетті. Әзірге жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрт қойма ішіндегі трактордың ақауынан тұтанған болуы мүмкін. Салдарынан, бірнеше көліктік техника, КамАЗ көлігі жанып кеткен. Әзірге төтеншеліктер бұдан басқа ақпарат бермей отыр.

Илхам ИБРАГИМ