$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қазақстан құс етінің импортын төмендетті

AstanaTV
31.10.2014ж. 20:00
2163
Қазақстан құс етінің импортын төмендетті

Қазақстан құс етінің импортын төмендетті. Себеп - отандық өнім көлемі артып отыр. Өткен жылы құс импорты он пайызға дейін төмендеді. Десе де отандық тауар өндірушілер нарықтың тең жартысына жуығын ғана қамтып отыр. Отандық өнімнің басты кемшілігі - бағасының қымбаттығында. Өйткені сапасы жоғары дейді өндірушілер. Ал шетелдік еттің қоспасы мен ерітінділері көп болғандықтан, бағасы арзан. Негізгі импорттаушы Құрама Штаттардың мемлекеттік қорында 20-30 жыл жатқан еттері біздің елге әлі де ағылып жатыр. Тақырыпты Айгүл Әдепбай тарқатады.

Отандық өндірушілер 2012 жылы 123 мың тонна құс етін өндірген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 139 мың тоннаны құрады. Ал нарыққа 300 мың тоннаға жуық ет керек дейді құс өсірушілер одағының президенті. Жетпей жатқанын импорт толтырып отыр. Сырттан ағылған ет көлемі осыдан екі жыл бұрын 192 мың тонна болса, былтыр 170 мың тоннаға жуықтаған. Яғни импорттың он пайызға болсын, төмендеуі байқалады. Импорттың азаюына отандық өнімнің артуы бірден бір себеп. Құс өсірушілерге берілетін субсидия арқасында өткен жылмен салыстырғанда, фабрикалардағы құс саны екі есе ұлғайған. 

Ермек Абуов, ҚР АШМ мал шаруашылығын дамыту стратегиясы басқармасының бас сарапшысы:

2020 жылға таман 30 пайызға дейін түсіреміз деген есеп бар импорттың көлемін. Қазір 50 пайыздан асып отыр ғой импорттың көлемі.

Министрлік өкілдері импорт көлемін 20 жылға қарай 30 пайызға дейін төмендетеміз десе, құс өсірушілер екі-үш жылда ішкі нарықты толық қамтимыз деген сенімде. Отандық өнімнің басты проблемасы - бағасы. Ол шетелдікімен бәсекеге қабілетті емес. Нарықты арзан, әрі сапасыз импорт өнім басып алған.

Руслан Шарипов, Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті:

Біз конкуретноспособный емеспіз. Бидай-арпадан басқа қалған заттар барлығы шетелден келеді. Ол племенной жұмыртқа, құс, вакцина, медикамент, қондырғылар - барлығы шетелден келеді, валютаға сатып аламыз.

Отандық тауар өндірушілер шетелдің қондырғылары мен дәрумендеріне тәуелді болып, өнімінің құнын төмендете алмай отыр. Есесіне, сол шетел бізге өз етін арзанға сатуда.

Мынау 650 - Алматыдан, мынау 700 - Қарағандыдан, біздің еттің сапасы жақсы, дәмдірек.

Ермек Абуов, ҚР АШМ мал шаруашылығын дамыту стратегиясы басқармасының бас сарапшысы:

Негізгі импорттаушы АҚШ-тан. Былтыр Укаринадан көп келді, сосын Ресейден. 

«АҚШ еттерді арнайы ерітінді егіп, сатып отырғандықтан, бағасы төмен болады»,- дейді мамандар. Егілгенін біле тұра, нарыққа өткізуге Қазақстан мәжбүрлі де көрінеді.

Руслан Шарипов, Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті:

Америкадан кеп жатқан квотамыз бүгінде 110 мың тонна биылғы күнде. Үкімет алдында Ауыл шаруашылығы министрлігі алдында қойып отырмыз, 50 мың тоннаға дейін түсіріңдер деп, ол жақтан келетін ет мемлекеттік қорында жатқан еттер, 20-30 жыл жатқан тауық еті. Біз ВТО-ға кірмез ідеп отырмыз. Олар бізге 190 мың тонна дефицит, соны түгел  бізге неғылмасаңдар, ВТО-ға қол қоймаймыз деп, талап қойып отыр. Енді олар мемлекеттік қорында жатыр, мерзімі өткесін, нашар тұратын елдерге арзан бағамен береді.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Құс өсірушілер одағының төрағасы айтқан АҚШ мемлекеттік қорында 20-30 жыл жатып қалған ет біздің елді жаулап отырғаны өкінішті. Шенеуніктер ол ет шұжыққа, яғни қайта өңдеуге кетеді дегенмен, импорттың 70 пайызы Америкадан. Арнайы ертінді егіп сатқандықтан, оның бағасы арзан. Ал біз әдетте арзанға құмармыз. Есесіне отандық өнімнің сапасы жоғары. Және экологиялық тұрғыдан таза. -Отандық ет бар ма? - Иә, -Қаншадан? -790 тг. -Маған бір келі беріңізші. –Рахмет.

Айгүл ӘДЕПБАЙ