Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қостанай өңірінде егін ору науқанын аяқтау үшін, тәулігіне 24 сағат жұмыс режиміне көшті

AstanaTV
31.10.2014ж. 20:00
897
Қостанай өңірінде егін ору науқанын аяқтау үшін, тәулігіне 24 сағат жұмыс режиміне көшті

Қостанай өңірінде егін ору науқанын аяқтау үшін, тәулігіне 24 сағат жұмыс режиміне көшті. Облыс басшысы Нұралы Сәдуақасовтың айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан астықтың 16 пайызы әлі орылмаған. Әкім жағдайдың мәз еместігін растады. «Алайда орақ науқанын ойдағыдай аяқтау үшін, барымызды саламыз», - деді.

Нұралы Сәдуақасов,  Қостанай облысының әкімі:

Алғаш жауған қар еріп кетті. Сондықтан қар астында қалып қойған егістіктер жоқ. Бүгінгі таңда өңірдегі ауа температурасы -5,-7 градус шамасында. Осы орайда бізге тәулік бойы жұмыс істеуге мүмкіндік туып отыр. Сәйкесінше, екі ауысыммен, түнде де астық орып жатырмыз. Жағдайымыз мәз емес екендігі рас. Дегенмен тығырықтан шығар жол тауып бағудамыз. 

Нұралы Сәдуақасов облыстағы  жанар-жағармай мәселесі де тұрақты  дейді. Сөзіне қарағанда, сұйық отынның әлі бір айлық қоры бар. 

Нұралы Сәдуақасов,  Қостанай облысының әкімі:

Бүгiн облыста бiр айлық жанармай қоры бар. Бұл – ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қоспағандағы көрсеткiш. Себебi олар бөлек бағдарламамен қамтылады. Бұл мәселе республика бойынша реттелiп отыр. Оның iшiнде Ресейден қосымша сұйық отын көлемiн сатып алу арқылы да шешiледі. Бүгiнгi күнi өңiрдегi жағдай тұрақты, жанар-жағармай бағасы қымбаттап жатқан жоқ.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА