$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Швеция үкіметі Палестина мемлекетін мойындады

AstanaTV
31.10.2014ж. 20:00
1067
Швеция үкіметі Палестина мемлекетін мойындады

Швеция үкіметі Палестина мемлекетін мойындады. Швеция - Еуропалық одаққа мүше елдердің ішінде мұндай шешім қабылдаған алғашқы мемлекет. Израиль билігі Швецияның бұл әрекетін түсінбей дал. Сондықтан елшіні кеңеске шақыртты. Қос елдің қарым-қатынасына сызат түсетіні белгілі. Швеция әлемдік саясаттағы ұстанымында бейбітшілікті үндейді. Сондықтан Скандинавия түбегі үшінші әлем мемлекеттеріне көмек қаражатын аямай жұмсап, босқындарды қабылдайды.

Палестинаның  мемлекеттігін мойындауға Израильдің басқынышылық саясаты түрткі болса керек. Негізі Палестина мемлекеттігін мойындау туралы құжатты 2012 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы мақұлдаған. 26 жыл ішінде оны 134 мемлекет қолдады. Бұған дейін олардың қатарында Еуропалық одақтың бірде-бір  мемлекеті болмаған еді. 

Маргот Вальстрем,  Швецияның сыртқы істер министрі:

Біз жастардың радикалды әрекеттерге баруға мәжбүр екеніне куә болып отырмыз. Шынымен екі-ақ жол бар: оны мойындау немесе күш қолдануға көшу. Біз Палестинаны мойындау арқылы бейбіт келіссөздерге қолдау көрсетеміз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ