$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Кәсіпкерлік басқармасы Алматыдағы бензин тапшылығы себебін түсіндірді

AstanaTV
31.10.2014ж. 20:00
984
Кәсіпкерлік басқармасы Алматыдағы бензин тапшылығы себебін түсіндірді

Алматыда бензиннің тапшылығы, жергілікті биліктің айтуынша, Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында болған өрттің кесірінен болып отыр. Сондықтан бензинді кейбір жанармай құю станцияларында сатылымға шектеу қойылып, талонмен ғана босатылған.

Дәулет Еркімбаев, Алматы қаласы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқарма бастығының орынбасары:

Жанармай құю станцияларының 30 пайызы бензинді талонмен сатуға уақытша көшкен болатын. Бұл Павлодар мұнай зауытындағы өрттің салдары. Осыған байланысты АИ-92 маркалы бензиннің көлемі бүкіл республика бойынша шектелді.

Алайда Павлодардағы зауыт басшылары бұл ақпаратқа қатысты қандай да бір түсінік бермей отыр. Дегенмен қалалық әкімдік Алматыда жанармай тапшылығы уақытша құбылыс екенін айтады. Мегаполисте қазір бензиннің 5 күнге жетер қоры ғана қалыпты. Ал ертең жанармай сырттан жеткізілмек. Осыған байланысты қалалық жанармай құю бекеттерінде шектеулер алынады деп күтілуде.

Дәулет Еркімбаев, Алматы қаласы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқарма бастығының орынбасары:

Министрлікте аймақтарға бензинді бөліп беруге байланысты жиналыс өтті. Келесі айдың бірінен бастап барлық жанармай құю станцияларындағы шектеулердің барлығы алынып тасталады деген үмітім бар. Өйткені Алматыға жаңадан көп көлемде бензин әкелінеді. Сондықтан халықты сабырға шақырамыз.

Берік ХАСЕНОВ